2023 жылғы 8 сәуір
Бала тәрбиесі - баршаға ортақ
Балалар бақшасында ата -аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында " Бала тәрбиесі баршаға ортақ" тақырыбында баяндама жасалып, меңгеруші Р.У.Кулетова ата-аналар тарапынан қойылған көптеген сауалдарға жауап берді. Балалардың күн тәртібі, балабақшадағы тамақтану мәселесі, жылу мен топтардың толымдылығы, қатысым мен науқастану мәселелері, ас мәзірі талқыланды.