Перейти к содержимому
← Жаңалықтар

2026 жылғы 20 мамыр

№27 «Айгөлек» балабақшасында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматы пилоттық жоба ретінде ресми түрде іске қосылды.

Осыған орай, балабақша педагогтеріне аттестаттаудың жаңа жүйесінің негізгі ерекшеліктері, өткізу кезеңдері, қойылатын талаптары мен ережелері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және кәсіби дамуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Біздің ортақ мақсатымыз – әр педагогтің кәсіби өсуіне қолдау көрсету, еңбегін әділ бағалау және білім беру сапасын арттыру!

Барлық әріптестерімізге кәсіби жетістік, шығармашылық шабыт және сәттілік тілейміз!